Қазақстанның жас математиктері халықаралық білім додасында тағы бір мәрте ел абыройын асқақтатты. Румынияның Бузэу қаласында өткен Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасында (Junior Balkan Mathematical Olympiad, JBMO) ұлттық құрама жоғары нәтиже көрсетіп, әлемнің ең мықты командаларының қатарынан көрінді.