Слетке Ақжайық, Бөрлі, Казталов, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласынан келген 8–10 сынып оқушылары қатысуда.
Жас зерттеушілер флористика, энтомология және картография бағыттары бойынша өз білімдері мен тәжірибелерін сынап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қатысушылар өсімдіктер мен жәндіктер әлемін зерттеп, картамен жұмыс жасау, бағдарлау және табиғи нысандарды картаға түсіру дағдыларын жетілдіруде.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын дамыту.

«Экосоқпақ» слеті – жас ұрпақтың табиғатты танып-білуіне, туған өлкенің табиғи байлықтарын қорғауға деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды экологиялық-білім беру алаңы.