
Сапар барысында қонақтар мектептің білім беру ортасымен танысып, AI Interactive Smart Classroom инновациялық кабинетінің жұмысын көрді, сондай-ақ оқушылардың жасанды интеллект пен экология бағытындағы жобаларын тамашалады. Оқушылар заманауи цифрлық технологиялар мен AI құралдарын пайдалана отырып әзірленген өз жобаларын таныстырды.