
«е-Ымдау» бейне сөздігі есту қабілеті бұзылған азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуге, ым-ишараттық тілді үйренуді жеңілдетуге және инклюзивті білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Жобаның іске қосылуы ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтардың сапалы білім алуына және қоғам өміріне толыққанды қатысуына қосымша мүмкіндік береді.