БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛІ «SENAT OPEN – 2026» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛІ «SENAT OPEN – 2026» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Ақтау қаласында өткен «Senat Open – 2026» III ашық шахмат кубогінің жартылай финалында Батыс Қазақстан облысының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте І орынға ие болды.
Жеңімпаз команда сапында білім беру саласының өкілі, педагог Виталий Каширин де өнер көрсетіп, облыс құрамасының жеңісіне өз үлесін қосты.
Сонымен қатар Виталий Каширин Ғылым және білім беру саласының қызметкерлері арасында өткен жарыста үздік нәтиже көрсетіп, І орын иегері атанды. Бұл жетістік педагогтердің кәсіби қызметпен қатар зияткерлік әлеуеті мен жан-жақты дамуының айқын дәлелі.
Батыс Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғаған Виталий Каширинді және жеңімпаз команданы шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы Астана қаласында өтетін республикалық финалда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!