БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯҒА ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ!

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ ОҢТҮСТІК КОРЕЯҒА ЖОЛДАМА ҰТЫП АЛДЫ!
Білім беру саласындағы айтулы жетістік!
«AMANAT» партиясы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «DarynUstaz» платформасы ұйымдастырған республикалық «UstazAI» педагогикалық хакатонының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының екі педагогі үздіктер қатарынан көрініп, Оңтүстік Кореяға тәжірибе алмасу сапарына жолдама иеленді.
✨ Жеңімпаздар:
Анар Ураловна Насымбаева – Жаңақала мектеп-гимназиясының мұғалімі;
Бахытжан Ұлан – Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің оқытушысы.
Республика бойынша 400 мыңнан астам педагог қатысқан ауқымды жоба барысында қос ұстаз кәсіби шеберлігімен, инновациялық идеяларымен және білім беру саласындағы тың жобаларымен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
🌟 Бұл жетістік – Батыс Қазақстан облысы педагогтерінің жоғары кәсіби әлеуетінің, шығармашылығы мен жаңашылдыққа ұмтылысының айқын дәлелі.
💐 Жеңімпаз педагогтерді зор жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта халықаралық тәжірибе жинақтап, өңіріміздің білім беру саласының дамуына сүбелі үлес қоса беруіне тілектеспіз.
👏 Жеңістеріңіз құтты болсын!
🎓 Батыс Қазақстанның білім саласындағы мерейі арта берсін!