Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
🏅 «Құрмет» орденімен:
🔹 Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаева – білім беру саласының ардагері;
🔹 Ұлболсын Қапешова – білім беру саласының ардагері.
🏅 «Ерен еңбегі үшін» медалімен:
🔹 Лейля Хабделханқызы Ахметова – білім беру саласының ардагері;
🔹 Валиса Құжатқызы Ихсанова – білім беру саласының ардагері;
🔹 Жаннат Уақасқызы Қауметова – білім беру саласының ардагері;
🔹 Қайрат Қаржаубайұлы Қауқиев – Шыңғырлау ауданы, А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі.
Салтанатты шара барысында өңір білімінің мерейін асырған жас буын өкілі де ерекше құрметке ие болды.
Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Байболат Аят халықаралық стандартталған SAT тестінен ең жоғары нәтиже – 1600 балл жинап, мектеп түлектері арасындағы үздік көрсеткішке қол жеткізді.
Жоғары нәтижесінің арқасында ол Гонконг қаласындағы City University of Hong Kong университетінің 100 пайыздық білім грантын иеленді.
Осы жетістігі үшін облыс әкімі Нариман Төреғалиев дарынды түлекті Алғыс хатпен марапаттап, 500 000 теңгелік сертификат табыстады.
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы атынан мемлекеттік награда иелері мен дарынды түлекті шын жүректен құттықтаймыз!