
Жаңа құрылымдардың негізгі міндеті – балаларға қатысты мәселелерге жедел ден қою, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға нақты көмек көрсету және өңірлік қызметтердің жұмысын үйлестіру. Мұндай басқару жүйесі мәселелердің алдын алып, әрбір баланың құқықтары мен мүдделерін жергілікті жерде тиімді қорғауға мүмкіндік береді.