Құрмет пен алғыс – қажырлы еңбектің жемісі

Құрмет пен алғыс – қажырлы еңбектің жемісі
Бүгін облысымызда балалардың құқықтарын қорғау ісіне белсене атсалысып, жас ұрпақтың психологиялық саулығы мен әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар психолог мамандар Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиевтің атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл марапат – балалармен тығыз жұмыс жасап, олардың жан дүниесін түсінуге, қиын жағдайларда қолдау көрсетуге және құқықтарын қорғауға бағытталған қажырлы еңбектің лайықты бағасы.
Балалардың қауіпсіз әрі бақытты болашағы жолында қызмет етіп жүрген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз қоғам үшін аса маңызды.
✨ Әр баланың күлкісі мен сенімі – сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі.