Орал қаласындағы Жайық Арена спорт кешенінде өткен Senat Open III Ашық кубогы 1/4 финалында білім саласының қызметкерлері алғаш рет бақ сынап, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.
20-ға жуық ұстаз бен сала мамандары қатысқан додада білім беру саласының өкілдері өздерінің тек кәсіби ғана емес, зияткерлік қабілеттерінің де мықты екенін дәлелдеді.

Турнир қорытындысы бойынша:

І орын — Хамидуллин Досымхан, Қаратөбе ауданы Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі.

ІІ орын — Галиев Руслан, Орал қалалық білім беру бөлімінің “№17 жалпы орта білім беретін мектебі” тарих пәні мұғалімі.

ІІІ орын — Бекжанов Оралбек, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің өндірістік оқыту шебері.
Жалпы, білім саласының қатысушылары өзге салалармен салыстырғанда өте жақсы нәтиже көрсетіп, алғашқы қатысуларының өзінде жоғары дайындықтарын танытты.
Ұстаздардың бұл жетістігі — білім мен парасаттың, табандылық пен логикалық ойлаудың айқын көрінісі.
Қатысушыларға алдағы ойындарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!