Қазақстан құрамасы әлемдегі ең беделді зияткерлік алаңдардың бірі Balkan Mathematical Olympiad 2026 жарысында үздіктер қатарынан көрінді. 3-8 мамыр күндері Грекияның Салоники қаласында өткен Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алып, 24 елдің ішінде жалпы командалық есепте 6-орынға ие болды.