Олимпиада орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ құқық негіздері пәндері бойынша өткізіліп жатыр. Қорытынды кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен 272 мектеп оқушысы қатысуда. Олардың ішінде орыс тілі мен әдебиеті бойынша 87, құқық негіздері бойынша 93 және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша 92 қатысушы бар.