
Айта кетейік, Қазақстан PIRLS зерттеуіне 2016 жылдан бері қатысып келеді. Ағымдағы циклдің ерекшелігі – зерттеудің компьютерлік форматқа көшуі. PIRLS-2026 нәтижелері 2027 жылдың желтоқсан айында жарияланып, бастауыш білім беру жүйесінің оқу бағытындағы тиімділігін бағалауға, оқыту сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуге және оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.