Байқау «Кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша ұйымдастырылып, халықаралық достық кездесу аясында өтті. Оған Мажарстан, Италия, Чехия, Қазақстан және Ұлыбритания елдерінің қатысушылары қатысты. Жарыс барысында қатысушылар кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және дайындық деңгейін көрсетті. Рысхан Ақмарал теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, тапсырмаларды сапалы әрі уақытында орындап, сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.
Айта кетейік, Ақмарал бұған дейін Түркістан облыстық чемпионатында осы құзыреттілік бойынша I орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған еді. Сонымен қатар ол WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатының алтын медаль иегері және RegionSkills 2024–2025 чемпионаттарының жеңімпазы. Қазіргі уақытта студент WorldSkills Shanghai 2026 халықаралық чемпионатына дайындық үстінде.