Елімізде қала мен ауыл мектептері арасындағы цифрлық алшақтықты жоюға бағытталған «Qazaq Digital Mektebi» жобасы сәтті іске асырылуда. Қазірдің өзінде отандық Roqed AI, Kashgari, Stem-solutions және
testter.kz сияқты ЖИ құралдары оқу процесіне енгізіліп жатыр. Астана қаласындағы №99, №101, №104 , №107 мектептердің тәжірибесі көрсеткендей, жасанды интеллектіні қолдану тапсырмаларды тексеру тиімділігін арттырып, педагогтердің жүктемесін айтарлықтай жеңілдетеді.