Брифинг барысында өңіріміздегі қызылша ауруының қазіргі жағдайы, сырқаттанушылық деңгейі, алдын алу шаралары және вакцинацияның маңыздылығы кеңінен айтылды. Мамандар ұжымдық иммунитет қалыптастыру – инфекцияның таралуын тоқтатудың ең тиімді жолы екенін атап өтті.
Іс-шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Акжаркын Темирханова қатысып, білім беру ұйымдарында санитарлық талаптарды сақтау, оқушылардың денсаулығын қорғау және вакцинация мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бүгінде білім беру мекемелерінде профилактикалық шаралар күшейтіліп, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Себебі әр баланың денсаулығы – басты назарда.
Қоғамдық денсаулықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Уақтылы вакцина алу арқылы өзімізді және айналамыздағы адамдарды қорғай аламыз.