ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Нуржанов Мирболат Сангалеивич тағайындалды.
Мирболат Сангалеивич жоғары білімді.
2003 жылы – Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін,
2008 жылы – Еуразия академиясын,
2022 жылы – Стратклайд университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын Орал қаласының білім беру басқармасына қарасты Серебряков негізгі мектебінде мұғалім болып бастап, мемлекеттік қызмет саласында жауапты лауазымдарды атқарған.
Әр жылдары:
– Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің кеңесшісі ;
– Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
– Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің көмекшісі;
– Орал қаласы Круглоозерный кентінің әкімі;
– Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің орынбасары;
– Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!