Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың жаңа тәсілдері» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Саягүл Галиева қатысып, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғауға бағытталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара барысында балалар мекемелеріндегі санитариялық талаптарды күшейту, алдын алу шаралары және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері қозғалды.