Іс-шара жастарға мемлекеттік қызметтің негізгі құндылықтарын түсіндіру, ерте кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ көшбасшылық қабілеттерін дамыту арқылы болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттау тұрғысынан маңызды болды.
Кездесуге 200-ге тарта оқушы мен студент қатысты. Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин сөз сөйлеп, жастардың білім мен қоғамдық белсенділік арқылы ел дамуына қосатын үлесіне тоқталды.
Сонымен қатар, білім алушылар арасындағы көшбасшылар баяндамалар жасап, жастардың өзін-өзі басқарудағы рөлі, көшбасшылықты дамыту және кәсіби бағдар мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік қызмет саласындағы мүмкіндіктер, мансаптық даму жолдары мен талаптар жөнінде сұрақтар қойып, ашық пікір алмасты.
Іс-шара соңында жастардың бастамаларын қолдау мен мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.