2026 жылғы 8 ақпанда «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде» ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ІІІ облыстық ашық кубогы өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, зияткерлік спорттың маңыздылығын атап өтті.
Турнирге облыс бойынша білім беру ұйымдарынан 104 педагог қатысып, өзара бақ сынады.

Педагогтердің шахматқа деген қызығушылығы – ойлау мәдениеті мен кәсіби дамудың жарқын көрінісі.