Экология, білім және жасанды интеллект – болашаққа бағыт

Экология, білім және жасанды интеллект – болашаққа бағыт
Облыстық білім басқармасында Сырым ауданы Молдаш Қаналиев атындағы «мектеп–бөбекжай–балабақша кешені» жанындағы «Эко қорғаушылар» тобының жетекшісі Жұмағазиев Нұрболат Серікұлымен кездесу өтті. Кездесу экологиялық тәрбие мен заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізуге арналды.
🤝 Облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин педагогпен экологиялық және қосымша білім беру бағытындағы бастамаларды талқылады. Жасанды интеллектті оқу-тәрбие үдерісінде қолдану мәселесіне ерекше назар аударылды.
📌 Кездесуге облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері, орталық директоры Гүлмира Кубашева, «Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы», «Дарын» қосымша білім беру орталығының мамандары, «EcoSaqshy» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сахым Дәуренбек Қалапбергенұлы, сондай-ақ үйірме оқушылары қатысты.
✨ Үйірме жетекшісі Нұрболат Серікұлы 4 минуттық «Табиғатпен үндес тәрбие» мультфильмінде 4 жылдық еңбектің нәтижесі бейнеленгенін атап өтті. Басқарма басшысы жобаның құндылығы балалардың ізгілікті істерді өз тәжірибесі арқылы меңгеруінде екенін айтты.
🔎 Кездесуге қатысушылар өз тараптарынан әдістемелік қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді. Ұсынылған бастамалар көпшіліктің үлкен қызығушылығын тудырды.
🌱 Болашақ – экологиялық сауатты әрі технологияны меңгерген ұрпақтың қолында.