«Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде балаларды психологиялық диагностикалау және сүйемелдеу бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Жоба қауіп-қатерлерді ерте анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және баланы қорғау жүйесінде педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған.