«Білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуді біз педагог рөлін күшейтудің стратегиялық қадамы ретінде қарастырамыз. Жасанды интеллект мұғалімге тән емес бірқатар міндеттерді өз мойнына алып, оның көмекшісіне айналады. ChatGPT Edu сияқты құралдар педагогтердің интеллектуалдық көмекшісі болып, мүмкіндіктерін кеңейтеді және әрбір білім алушының жеке қажеттілігіне сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жасанды интеллект дайын жауап көзі емес, ойлауды, жауапкершілікті және цифрлық мәдениетті дамытуға арналған ресурс. Ол дайындық деңгейі әртүрлі білім алушыларға арналған сараланған оқу материалдарын жедел әзірлеуге, кері байланыстың тиімділігін арттыруға және заманауи технологиямен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Қазақстан үшін ЖИ-дің пассивті тұтынушыларын емес, онымен саналы, сыни және жасампаз түрде әрекеттесе алатын ұрпақты тәрбиелеу ерекше маңызды. Біздің мақсатымыз – адами әлеуетті дамыту және болашақтың сын-қатерлеріне дайын білім беру ортасын қалыптастыру» - Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменова.