«Олимпиада жеңімпаздарының құпиясы» айдарының бүгінгі кейіпкері – астаналық оқушы Максим Цой. Ол – информатика пәнінен республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері

Биыл Максим Цой Боливияның Сукре қаласында өткен әлемдік деңгейдегі ең беделді білім додаларының бірі – IOI халықаралық олимпиадасында күміс медаль иеленді. Ауқымды додадан Қазақстан құрамасы үш күміс және бір қола медальмен оралды.
🎨 Жас дарынның табанды еңбегі мен айрықша жетістігі елеусіз қалған жоқ. Тамыз айында Максим Цой Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ақордада өткен арнайы қабылдауына қатысып, халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатқан 27 үздік оқушының қатарынан көрінді. Күміс жүлдесі үшін оған 1000 АЕК көлемінде бірреттік ақшалай сыйақы табысталды.