«Заң және тәртіп»: құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған жиын өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында мектепке дейінгі ұйым меңгерушілеріне арналған «Қоғам және заң» тақырыбында жиын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың заңға деген құрметін арттыру және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Алия Кайржанова өз сөзінде заңға құрмет азаматтық жауапкершіліктің негізі екенін атап өтіп, білім беру саласының жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы рөліне тоқталды.
Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Амангелді Айнұр Талғатқызы мектепке дейінгі ұйымдарда заң талаптарын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау және педагогтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызын жеткізді.
Сонымен қатар, БҚО мәслихатының депутаты Борис Лаврентьев мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелері бойынша пікір білдірді.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.