Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі 5–9 қаңтар аралығында 13 пән бойынша өткізілді

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі 5–9 қаңтар аралығында 13 пән бойынша өткізілді
👩‍🎓 Бірінші кезең – мектепішілік олимпиадаға 10862 оқушы,
👨‍🎓 Екінші кезең – аудандық (қалалық) кезеңге 5068 оқушы,
🎓 Үшінші кезең – облыстық олимпиадаға 653 оқушы сұраныс білдіріп, оның ішінде
📍 12 ауданнан – 276 оқушы,
🏫 қала мектептерінен – 131 оқушы,
🏛 облыстық мектептерінен – 246 оқушы қатысты.
🥇 Оның ішінде 38 оқушы – 1 орын,
🥈 67 оқушы – 2 орын,
🥉 147 оқушы – 3 орын иеленді.
👥 Командалық бойынша мамандырылған мектеп пен Орал қаласының мектептері бір бөлек және аудан бойынша бір бөлек марапатталды.
🏆 I орын – Орал қаласының командасы,
🥈 II орын – Дарынды балаларға арналған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты,
🥉 III орын – С. Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты ие болды.
📌 Аудан бойынша:
🥇 I орын – Бөкейорда ауданы,
🥈 II орын – Бөрлі ауданы мен Казталов ауданы,
🥉 III орын – Жаңақала ауданы, Бәйтерек ауданы, Ақжайық ауданы марапатталды.
🎖 Аталған марапат иелерін облыстық білім басқармасының басшысы Е. Сафуллин мен қазылар алқасының төрағасы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих және құқық кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, тарих және құқық кафедрасының меңгерушісі Ж. Ерназаров және әділқазы мүшелері арнайы дипломдар мен медальдарды табыс етті.
🎉 Барша олимпиада жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!