Сырым ауданындағы Абдолла Жұмағалиев атындағы мектеп-балабақша кешені жаңартылды

Сырым ауданындағы Абдолла Жұмағалиев атындағы мектеп-балабақша кешені жаңартылды
Бүгін Жосалы ауылында көптен күткен білім ұясы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
🌟 Игілікті іс – «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Мектеп толықтай жөнделіп, жаңа жиһазбен, STEM, цифрлық, робототехника кабинеттерімен жабдықталды.
📚 Шара барысында ардагер қаламгер Абдолла Жұмағалиевтің рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
👏 Ата-аналар мен ауыл тұрғындары сапалы құрылыс жұмыстарын жүргізген «Наурыз» ЖШС ұжымына ризашылықтарын білдірді.
🧒 Жаңартылған мектеп ауыл балалары үшін заманауи әрі жайлы білім ордасына айналды.