“Жалын–2025” — жыл үздіктерін ұлықтаған салтанатты кеш
Батыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған “Жалын–2025” жыл үздіктерін марапаттау кеші өңір спортын дамытуға үлес қосып жүрген мекемелер мен азаматтардың еңбегін ұлықтауға арналды.
Аталған салтанатты шараға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Саягүл Галиева қатысты.
Шара барысында облыстық білім басқармасының өңір спортын дамытуға қосып отырған жүйелі қолдауы мен тығыз әріптестігі ерекше атап өтіліп, “Әріптестік үшін” номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
Білім беру ұйымдарында дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім алушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуына жағдай жасау — бұл бағыттағы жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.
Осындай нәтижелі әріптестік өңір спортының дамуына серпін беріп, болашақ жетістіктерге жол ашады.