Оқу-ағарту министрлігі жас ұстаздар арасында «Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджін жариялайды

Оқу-ағарту министрлігі жас ұстаздар арасында «Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» челленджін жариялайды
⭐️ Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміз бойынша 10-16 желтоқсан аралығында жас ұстаздар арасында «Мен Тәуелсіздік құрдасымын!» республикалық челленджі ұйымдастырылуда.
🏵️ Әлеуметтік желілер арқылы өтетін бұл челлендждің басты идеясы – қоғамда педагог мәртебесін, оның еңбегінің маңызын және ұлт болашағын қалыптастырудағы рөлін кеңінен насихаттау.
📲 Челленджге қатысушы мұғалімдер әлеуметтік желілерде «Мен Тәуелсіздік құрдасымын» тақырыбында бейнеролик немесе пост жариялап, тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақ ретінде білім саласының дамуы мен оған қосқан өз үлесі, педагог миссиясы туралы ой-пікірімен бөліседі.
📸 Челленджге тәуелсіздікпен құрдас ниет білдіруші ұстаздар қатысады, ол үшін:
- әлеуметтік желілерде #МенҰстазбын#ТәуелсіздікҚұрдасымын #ЯУчитель #ЯРовесникНезависимости хэштегтерімен фото, бейне посттарын жариялаңыз;
-тәуелсіздік туралы өз ойыңызбен, ұстаздық қызметтегі миссияңызбен бөлісіңіз.
📄 А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының деректеріне сәйкес, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 15 мыңнан астам тәуелсіздікпен құрдас педагог еңбек етеді.