
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік бақылау функциялары мен білім беру ұйымдарының қызметін бағалау тетіктерін ажырату мақсатында мемлекеттік аттестацияға қатысты нормалар қайта нақтыланып, «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізілді.