Орал қаласында Президент атынан ұйымдастырылған «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» шыршасына жиналған балалар үшін мереке тек әдемі ойын-сауықпен емес, қызықты сапармен де жалғасты.
Түскі ас соңында балалар «Аңдар шаһары – 2» жаңа жылдық кинокөрсетілімін тамашалады.
Одан кейін «SkyPark» ойын-сауық орталығына саяхат жасап, әртүрлі аттракциондарда ойнап, көңіл көтерді.
Кеш соңында балалар үшін «Жаңа жыл патшалығындағы таңғажайып оқиғалар» атты аниматорлармен ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады: би, ән, ертегі кейіпкерлерімен ойындар ойналады.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышы – жаңа жыл мерекесінің ең басты сыйы!