
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні
Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасы және Құрманғазы атындағы саз колледжі ұйымдастыруымен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты облыстық жастар слеті өтті.
🎯 Іс-шараның мақсаты:
🛡️ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
📢 жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау;
⚖️ құқықтық сананы қалыптастыру;
🧭 жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру.
Слетке қала колледждерінің «Саналы ұрпақ» клуб жетекшілері, көшбасшылары және белсенді мүшелері қатысты.
👩💼 Алғы сөзді Білім басқарма басшысының орынбасары Галиева Саягүл Маулетқызы сөйлеп, «Парақорлықпен күрес – тұтас қоғамның ортақ міндеті» екенін атап өтті.
💬 Сонымен қатар баяндама жасады:
БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының аға-кеңесшісі, “Жайық жастары” волонтерлік корпус жетекшісі Бақтыгереева А.Н. – «Жемқорлықтың алдын алудағы жастардың рөлі»;
Құрманғазы атындағы саз колледжінің кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары, «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Тулепов М.Е. – «Адал жолмен жарқын болашаққа!»
🤝 Слет барысында саз колледжінің директоры Н.У. Сертеков «Саналы ұрпақ» клубтарының көшбасшыларын облыстық клуб қатарына қабылдау рәсімін өткізді.