БҚО оқушылары – республикалық фестиваль жеңімпаздары!

БҚО оқушылары – республикалық фестиваль жеңімпаздары!

БҚО оқушылары – республикалық фестиваль жеңімпаздары!

2025 жылдың 1–5 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер және шығармашылық фестивалі өтті.

🎤 «Вокалдық-аспаптық ансамбльдер» аталымында өнер көрсеткен Ақжайық ауданының «Ақжайық арландары»* тобы жүлделі I орынды жеңіп алды!
Ансамбль жетекшілері – Ермек Саркулов пен Руслан Қабаш.

🎶 «Вокалдық орындаушылар» аталымы бойынша Бәйтерек ауданындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы ЖББҚОМ оқушысы Зинулла Ернұр белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Жетекшісі – Айша Жұмағалиева.

📣 Құттықтаймыз! БҚО дарынды жастарының ел намысын абыроймен қорғап, өнерімен қуантқаны – үлкен мақтаныш!