
Бүгін – Халықаралық волонтерлер күні!
Жүрегі мейірімге толы, қоғамға пайдасын тигізуге дайын жандардың мерекесі.
Ал осы игі істің алдыңғы қатарында — Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің жастары! 💙
Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша көш бастап тұрған біздің белсенді студенттер ерекше марапаттарға ие болды:
🏅 Облыс әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының алғыс хаты:
✨ Айжан Кульпердисова
✨ Гүлназым Төлеуғалиева
🏅 Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хаты:
🔥 Марс Алихан
🏆 Батыс Қазақстан облысы волонтерлерінің «Үздік волонтер» сыйлығы:
♻️ «Үздік эковолонтер» — Әсем Бекежанқызы
Олар — мейірімділік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Біздің колледждің рухын, жастарының белсенділігін және қоғамға деген шынайы жанашырлығын танытып жүрген нағыз үлгілі тұлғалар.
Біз мақтанамыз!
Жақсылықты бірге жасайық! 💫