Облыста білім саласында 27 жаңа мектеп ашылып, оқушылар халықаралық деңгейде танылды

Облыста білім саласында 27 жаңа мектеп ашылып, оқушылар халықаралық деңгейде танылды

Облыста білім саласында 27 жаңа мектеп ашылып, оқушылар халықаралық деңгейде танылды

Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады.​

Балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2023 жылдан бері облысымызда заман талабына сай 27 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 жаңа білім ошағының есігі айқара ашылып, өңірдің білім беру әлеуеті одан әрі арта түспек. Айрықша атап өтерлігі – осы мектептердің 9-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынды.

Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 3505 оқушы білім алған 11 апатты мектептің мәселесі толық шешіліп, ал 5798 оқушы білім алған 5 мектепте үш ауысымды оқу жойылды. 2025–2027 жылдары облыста 86 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған және биыл жергілікті бюджет пен «Қазақстан халқына» қорынан 3,3 млрд теңгеге 119 пәндік кабинет сатып алынды. ​​​​​

«БҚО оқушылары халықаралық олимпиадаларда 3 медаль, республикалық олимпиадада 19 медаль жеңіп алып, облыс командасы II орынды иеленді. Сондай-ақ, Казталов ауданы К.Меңдалиев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Абуханова Саида республикада «Үздік ауыл мектебінің оқушысы» атағына ие болды.Олимпиаданың республикалық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен облыстың 6 мектебі республика бойынша «100 Үздік мектеп» қатарына кірді», - деді облыс әкімі.