Цифрлық менеджмент бағытында кездесу өтті

Цифрлық менеджмент бағытында кездесу өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин мен CyberPack AI компаниясының мемлекеттік органдармен байланыс орнату директоры Руслан Каратабанов арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында "Білім берудегі менеджмент: әдістемелік қызметтің цифрлық моделі" оқу курсы және болашақта осы бағытта бірлесе жұмыс жасау мүмкіндіктері талқыланды.

🔹 Цифрлық технологиялар арқылы әдістемелік қызметті дамыту,
🔹 Басқару үдерістерін оңтайландыру,
🔹 Заманауи білім беру құралдарын енгізу — басты назарда болды.

Бұл — өңіріміздің білім саласындағы цифрлық трансформацияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам.