
Батыс Қазақстан облысында 2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында мектептер мен колледждерде «Qarzhy Sagshysy» атты интерактивті ойын бастау алды.
Жобаға 10–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысуда.
🎮 Интерактивті форматтағы ойын барысында жастар:
- қаржы пирамидалары, дропперлік, әлеуметтік инженерия секілді кең таралған алаяқтық түрлерімен танысады;
- цифрлық гигиена негіздерін меңгереді;
- виртуалды қалада қауіпсіз қаржылық шешімдер қабылдауды тәжірибе жүзінде үйренеді.
Бұл – тек ойын емес, алаяқтықтан қорғанудың нағыз мектебі!
📌 Жобаны AML Academy және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірлеген.
📌 22–31 желтоқсан аралығында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
#QarzhySagshysy
#ҚаржылықСауаттылық
#БҚОбілім
#ЦифрлықГигиена