WorldSkills Kazakhstan – 2025: БҚО командасы кәсіби шеберлік сайысында!

WorldSkills Kazakhstan – 2025: БҚО командасы кәсіби шеберлік сайысында!

3–9 желтоқсан аралығында Астана қаласында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және кадрлар даярлау сапасын жетілдіру мақсатында WorldSkills Kazakhstan – 2025 X мерейтойлық республикалық чемпионаты өтуде.

🔧 Жыл сайын дәстүрге айналған бұл ауқымды додада биыл Батыс Қазақстан облысынан:
✅ 42 қатысушы
✅ 36 құзіреттілік
✅ 39 сарапшы
өздерінің білім-біліктілігін сынауда.

Бұл – облысымыздың кәсіби білім беру саласының дамуы мен жас мамандардың әлеуетін көрсететін маңызды алаң.

📍 Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз! Жеңіс пен жаңа тәжірибе сіздермен болсын!

#WorldSkillsKazakhstan2025
#БҚОбілім
#ЖасМаман
#КәсібиШеберлік