Кездесу – білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам

Кездесу – білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам

Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин мен Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуге аудандық білім беру бөлімінің басшысы және облыстық білім басқармасының мамандары қатысты.

Кездесу барысында ауданның білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Әсіресе, білім беру нысандарын кешенді жөндеу жұмыстарының жоспарына ерекше назар аударылды.

🔹 Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
🎯 Мақсат – білім беру ұйымдарында сапалы инфрақұрылым қалыптастырып, қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету.