
Бүгін Батыс Қазақстан облысының білім басқармасында басқарма басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен аудан, қала білім беру бөлімдері және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
📝 Кеңес барысында келесі мәселелер талқыланды:
1️⃣ Білім беру ұйымдары басшыларының бос орындары бойынша жүргізілген талдау;
2️⃣ Аудан, қала білім беру бөлімдеріндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері;
3️⃣ Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және жағдай жасау мәселелері;
4️⃣ Өзекті ағымдағы мәселелер.
Кеңес соңында нақты тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
✅ Білім сапасын арттыру – басты міндет!