📌 Облыстық білім басқармасында кезекті аппараттық кеңес өтті

📌 Облыстық білім басқармасында кезекті аппараттық кеңес өтті

Басқарма басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен өткен кеңеске аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық мектеп директорлары мен басқарма мамандары қатысты.

🗂️ Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1️⃣ "Қазақстан халқына" қоры бағдарламаларының жүзеге асырылуы;
2️⃣ Зерттеуші және шебер педагогтердің аттестатталу қорытындысы;
3️⃣ "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында өткізілген шаралардың әлеуметтік желідегі жариялануы;
4️⃣ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылатын Жаңа жыл мерекесіне дайындық;
5️⃣ 2026-2028 жылдарға арналған білім беру нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарлануы.

Кеңес барысында барлық бағыттар бойынша тапсырмалар беріліп, нақты ұсыныстар айтылды.