
🧩 ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыратын республикалық байқауға биыл үш есе көп өтінім қабылданып, педагогтердің кәсіби дамуға, функционалдық сауаттылықты арттыруға деген жоғары қызығушылығын көрсетті.
🎯 Өңірлік сараптамалық комиссиялар үздіктерді анықтап, республикалық кезеңге 140 жұмыс жолдама алды.
Батыс Қазақстан облысынан 7 педагог бірінші орын алып, республикаға өтті:
1️⃣ Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – Бижанова Гүлбақыт Тажиханқызы (Бөкей ордасы ауданы)
2️⃣ Математикалық сауаттылық – Өтегенова Айнұр Төреахметқызы (Орал, №5 ЖОББМ)
3️⃣ Мәдениетаралық сауаттылық – Егізова Гүлфира Далабаевна (Орал, «Өркен» МБК)
4️⃣ Қаржылық сауаттылық – Дюсенғалиева Ақжарқын Болатқызы (Орал, №10 ЖОББМ)
5️⃣ Цифрлық сауаттылық – Рамазанова Динара Бақытқалиевна (Орал, №38 МЛ)
6️⃣ Оқу сауаттылығы – Джумашева Гайша Мүтиевна (Орал, Эстетикалық гимназия)
7️⃣ Экологиялық сауаттылық – Таушанова Айымгүл Қайырлықызы (Казталов ауданы, Қарасу ЖОББМ)
📽️ Финалистердің бейнематериалдары «Өрлеу» Ұлттық орталығының YouTube арнасында жарияланды:
👉 https://www.youtube.com/@orleukz
💡 Қолдау көрсетіңіз! Қаралымдар мен реакциялар «YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал» номинациясын анықтауда ескерілетін болады.
🧭 Жеңімпаздарды марапаттау — 20 желтоқсан, Астана қаласы.
Жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!