
Бүгін облыстық білім басқармасында БҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі Лаура Нұрланқызымен кездесу өтті. Басқосуға басқарма басшысы Елдос Сафуллин төрағалық етті.
🔍 Кездесу барысында қаржылық сауаттылық, «Дипфейктер мен жаңа қауіп-қатерлер» тақырыбы талқыланып, тың материал ұсынылды. Қатысушылар бүгінгі ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы тұруда білім саласындағы мамандардың рөлі маңызды екенін атап өтті.
🛡 Сонымен қатар 17-27 қараша аралығында колледж студенттері арасында "Цифрлық қауіпсіздік" тақырыбында арнайы дәрістер өткізілетіні хабарланды.
🔐 Қауіпсіз қоғам — білімді ұрпақтан басталады.