
Бүгін облыстық білім басқармасында Елдос Сафуллиннің төрағалығымен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша сала мамандарының қатысуымен басқосу ұйымдастырылды.
Кездесуге облыс прокурорының аға көмекшісі Имангалиева Жанар Омиргалиевна, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Утегенов Алишер Нурланович, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Утебалиева Шаттық Саматқызы, қоғам белсенділері мен басқарма мамандары қатысты.
🔍 Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы мінез-құлықтық қиындықтардың алдын алу жолдары, тиімді тәсілдер мен қолдау тетіктері талқыланды. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмысты одан әрі қалай жетілдіруге болады деген мәселе төңірегінде пікір алмасты.
📢 Мақсат – балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға қолайлы орта қалыптастыру үшін бірлескен іс-қимылдарды күшейту.