Облыстық білім басқармасында тағылымды кездесу өтті

Облыстық білім басқармасында тағылымды кездесу өтті

Облыстық білім басқармасында өңірімізге танымал, білім саласында ұзақ жыл басшылық қызмет атқарған білікті басшы *Сапаров Ерсайын Қадырұлы* мен білім беру ұйымдарының жас басшыларының кездесуі өтті.

Кездесу *дөңгелек үстел* форматында ұйымдастырылып, ашық пікір алмасу алаңына айналды. Басқарма басшысы *Елдос Сафуллин* өз сөзінде Ерсайын Қадырұлының білім саласына сіңірген еңбегіне тоқталып, оның өнегелі өмір жолы мен кәсіби тәжірибесі жас буынға үлгі екенін ерекше атап өтті.

Кездесу барысында жас басшылар күнделікті жұмыста кездесетін түйткілді мәселелерімен бөлісіп, ардагер басшының құнды кеңестері мен көзқарасын тыңдады. Ерсайын Қадырұлы басшы бойында болуы тиіс басты қасиеттер, ұжыммен жұмыс істеу, білім сапасын арттыруға қатысты өз ойымен бөлісіп, өмірлік тәжірибесін жеткізді.

🔹 Бұл – жас басшыларға үлкен серпін, рухани мотивация берген мәні терең, маңызы зор кездесулердің бірі болды.