Оралда Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде

Оралда Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде

📍 Орал қаласы | 11–12 қараша 2025 жыл

Оралда биылғы жылдың ең ірі оқиғаларының бірі — Қазақстан мен Ресейдің ХХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде! 🇰🇿🤝🇷🇺
Форумның басты тақырыбы — «Жұмысшы мамандықтар – экономикалық өсімнің қозғаушы күші».

Бұл маңызды шараға екі елдің басшылары, аймақ, бизнес, ғылым және қоғам өкілдері қатысып, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, өнеркәсіп пен энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды талқылауда.

🎯 Форумның мақсаты – Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік пен сенімді нығайту, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, жастар мен кәсіпкерлердің ынтымақтастығын дамыту.

🏟 «Жайық Арена» спорт кешенінде өткен «Қазақстан колледждері мен кәсіпорындарының ынтымақтастық көрмесіне» білім басқармасының басшысы Е.Сафуллин, басқарма мамандары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері және 2000-нан астам колледж студенттері мен оқушылар қатысты.

#Орал #Форум2025 #ҚазақстанРесей #Ынтымақтастық #ЖұмысшыМамандықтар #ЖайықАрена #БілімБасқармасы