
2025 жылғы 30 қазанда Орал қаласында «Туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық білім беру кеңістігінде отансүйгіштік пен кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың заманауи тәжірибелері» тақырыбында туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйым басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
🔹 Пленарлық мәжілісті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлнара Әбішева жүргізді.
🔹 Жиында еліміздің әр өңірінен келген мамандар тәжірибе бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Батыс Қазақстан облысы – балалар туризмі мен өлкетану саласының көшбасшысы. Бүгінде өңірде 14 қосымша білім беру станциясы мен орталығы табысты жұмыс істеп келеді. Бұл – туған өлкеге жанашырлықпен қарайтын педагогтер мен қоғам өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті биліктің бірлескен жұмысының нәтижесі.
🗣️ Пленарлық мәжілісте сөз сөйлегендер:
* Елена Тарасенко – ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары
* Елдос Сафуллин – БҚО білім басқармасының басшысы
* Ресей мен еліміздің басқа өңірлерінен келген сала мамандары
Сонымен бірге "Батыс Қазақстандағы балалар туризмінің 65 жылдығы" атты қысқаметражды бейнефильм көрсетілді.
🌿 Бұл кездесу – білім беру, патриоттық тәрбие мен экологиялық сананы қалыптастырудағы маңызды қадам болды.