Біздің өңірде (қалада) кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша профилактикалық рейд басталды.

Біздің өңірде (қалада) кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша профилактикалық рейд басталды.

 

🎯 Рейдтің басты мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу.

🔹 ҚР заңнамасына сәйкес:
* Кәмелетке толмағандар (заңды өкілдерсіз) сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болмауы тиіс;
* Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде де заңды өкілдерсіз жүруге болмайды;
* Бұл талаптар орындалмаған жағдайда ата-аналар мен жауапты тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

👮 Аталған рейдке құқық қорғау органдарымен қатар, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, оның орынбасарлары , қалалық білім беру бөлімінің басшысы және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
#БҚОБілім #құқықтықтәрбие #жасөспірімдерқауіпсіздігі