ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

        Қазіргі таңда 380 мемлекеттік мектеп болса, олардың 249 штаттық және 131 қашықтан жұмыс жасайды.

Жалпы мемлекеттік мектептердергі оқушылар контингенті 111 мыңнан астам болса, олардың 22 %-ы (24 621 оқушы) штаттық режимде, ал 48,6%-ы (54 196 оқушы) қашықтан оқытылуда.

      Облыста бастауыш сынып оқушыларының 66,2%-ы (32 681 оқушы), мектепалды даярлық сыныптарының 53,3%-ы (4 286 оқушы) кезекші сыныптармен қамтылған.

     Биылғы оқу жылында 34 колледжде 17 мыңға жуық студент бар. 6 колледжде (педагогикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, IT мамандықтар дайындайтын) сабақтар толық қашықтан, 19 колледжде (техникалық, технологиялық, аграрлық, медициналық, өнер) оқу процесінің 60% - қашықтықтан, 40% - зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту сабақтары ретінде ұйымдастырылуда.

      Ауылдық жерлердегі контингенті аз 8 колледжде оқу процесі талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде ұйымдастырылды.

    Облыс бойынша жергілікті жерлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының қаулыларына сәйкес 278 мектепке дейінгі ұйымдарда (80 жеке балабақшаларда) кезекші 1039 топтарда ата-аналардың өтініштері негізінде 13172 бала (барлық баланың 44,9%)қамтылған.