Бәйтерек ауданында 1200 орындық «Келешек мектептің» салтанатты ашылуы өтті

Бәйтерек ауданында 1200 орындық «Келешек мектептің» салтанатты ашылуы өтті

2025 жылғы 22 қазанда Бәйтерек ауданы, Достық ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген Достық жалпы орта білім беретін мектебінің салтанатты ашылуы өтті.
🔹 Салтанатты жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, ардагер ұстаз Абылхаликова Халуа Ықыласқалиқызы, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым – «Алтим» ЖШС-нің бас директоры Оралбай Жангереев, «AMANAT» партиясының депутаттары қатысты.
🔸 Облыс әкімі өз сөзінде бұл мектеп – өңірде "Келешек мектебі" жобасы аясында ашылған 5-ші мектеп екенін атады. Жоба жалғасын тауып, тағы 4 жаңа мектеп пайдалануға берілетінін жеткізді.
📌 Ашылу салтанатында:
— Облыс әкімі мен ардагер ұстаз лентаны қиып, жаңа нысанның ресми ашылғанын жариялады;
— Қонақтар жаңа ғимаратпен танысып, оқу кабинеттері мен инфрақұрылымына оң бағасын берді;
— Мектеп ауласында облыс әкімі сыйға тартқан 100 түп тал 1- сынып оқушыларымен бірге егіліп, "Білім аллеясы" бой көтерді. "Келешек мектептің" ашылуында 1-сынып оқушылары еккен талдар олармен бірге өсіп, биіктеп, тамыр жайғандай, балалар да жыл сайын біліммен сусындап, кемел болашаққа қарай қанат қағады.
🏫 Жаңа мектеп:
– 1200 оқушыға арналған;
– 70 оқу кабинеті, 3 спортзал, STEM-зертхана, ІТ сынып, хореография залы, кітапхана, 300 орындық асхана мен акт залы, бейнелеу және технология кабинеттерімен жабдықталған;
– Ашық алаңда балаларға арналған ойын алаңы, футбол, баскетбол және жүгіру жолдары бар.
📚 Бұл – ауылдағы жас ұрпаққа сапалы білім мен заманауи мүмкіндіктер ұсынатын үлкен серпіліс.